+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
17 Мамыр, 15:28

2023 жылғы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Театр ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Фестиваль-байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының аудандық (қалалық) кезеңдерінің және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің жеңімпаз болған театр ұжымдары қатысты.

Фестиваль келесі 4 номинациялар бойынша өткізілді:

1) «Драмалық спектакль»;

2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, данс-спектакль және басқалары);

3) «Әдеби-музыкалық композиция»;

4) «Қуыршақ театры».

Фестиваль-конкурс қорытындысы бойынша:

Гран-При – Тарбағатай ауданы, С. Торайғыров атындағы негізгі орта мектебінің театр ұжымы;

І орын – Катонқарағай ауданының шығармашылық үйінің «Дарындылар» театр ұжымы;

ІІ орын – Глубокое ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің «Премьера» театр студиясы;

ІІІ орын – Өскемен қаласындағы «Жұлдыз» өнер мектебінің «Улыбка» театр ұжымы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

       

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!