2023 жылғы 16 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А. Ақылбектің, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, подполковник Н. Өміржановтың, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, полковник Р. Орынбековтың, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы бастығының орынбасары С. Асыловтың, бөлімнің бас мамандарының қатысуымен ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің бас мамандары А. Көкебаева мен Ю. Вялованың, Ертіс жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция лейтенанты Ж. Қабидолдинаның және облыстың қалалары мен аудандарының білім бөлімдері басшыларының, жазғы сауықтыру демалысының жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдері әдіскерлерінің, аудандық және қалалық білім бөлімдері директорларының қатысумен «2023 жылғы жазғы демалыс кезеңінде жазғы демалысты, балаларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бойынша облыстық семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты - жазғы сауықтыру демалысының жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, сауықтыру лагерьлерінің директорларына ақпараттық, ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсету, жазғы демалыс бағдарламасын іске асыру кезінде балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Семинар барысында облыстың қалалары мен аудандарында жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарланды. Диалогтік алаң барысында балалардың жазғы демалысын қауіпсіз өткізудің өзекті мәселелері талқыланып, 2023 жылы балалардың жазғы демалысын қауіпсіз ұйымдастыру бойынша алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары мен перспективалары белгіленді.
Семинарға облыстың қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің басшылары, жазғы сауықтыру демалысының жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлерінің директорлары қатарынан 50 тыңдаушы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының балаларының демалысын ұйымдастыру, сауықтыру және жұмысқа орналастыру мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.

