1. Жалпы ереже
1. Осы ереже облыстық «Білім жолы» зияткерлік марафонының (әрі қарай - Марафон) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, өткізу мен қаржылындыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2. Марафонды ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - «Дарын» орталығы) болып табылады.
2. Марафон мақсаттары мен міндеттері:
Марафонның мақсаты - мектепалды даярлық тобының (сыныптарының) дарынды балаларын анықтау және жан-жақты қолдау, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ету.
Міндеттер:
1) Ерте жастан дарынды балаларды айқындаудың және олардың дамуына жан-жақты қолдау көрсетудің түрлері мен тәсілдерін жетілдіру;
2) Мектеп алды даярлық тобының (сыныптың) балалары арасында ғылыми білімді жариялау және тарату;
3) Интелектуалдық-шығармашылық қабілеттер машығын дамыту және балалардың іздемпаздық, зерттеушілік қасиеттерін аша білу.
4) Төзімділікке, ұжымдық шығармашылық істе ынтымақтастықта бола білуге тәрбиелеу.
3. Зияткерлік марафонды ұйымдастырушы комитет
Марафонды ұйымдастыру комитеті олимпиаданы дайындау мен өткізуге тікелей басшылық жасайды:
- марафонға қатысуға өтінімдерді қабылдайды;
- марафонның тапсырмаларын дайындайды;
- қазылар алқасының құрамын бекітеді;
- тапсырмалардың орындалуын бағалау критерийлерін дайындайды;
- марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды және марапаттайды;
- марафон нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;
- марафонның бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етеді.
4. Марафонға қатысушылар
Марафон мектепалды даярлық тобының (сыныптарының) балалары үшін өткізіледі. 5-6 жас аралығындағы балалардан Марафонға қатысушылар тобы құрылады. Әр аудан/қала, облыстық мамандандырылған мектептерден команда құрамы 11 адам: 10 қатысушы және 1 топ жетекшісі. Марафон барысында команданың жеке құрамы өзгермейді. Тапсырмаларды қатысушылар тобы ұжымдық түрде орындайды.
5. Марафон өткізу тәртібі.
1. Конкурстық бөлім (жол парағына сәйкес) командалардың рет-ретімен әр түрлі «станциялардан» өтуінен тұрады. «Станциялардың» әр қайсында команда белгілі бір уақытта тиісті ойындық тапсырмаларды орындайды, әр бала жауап парағына баға қойдырады.
2. Бірлесіп орындау қызметін үйлестіретін ұстаз әр командамен бірге конкурс жолынан өтеді.
Марафон келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
1. Математика және логика;
2. Табиғаттану;
3. Полиглот;
4. Спорттық викторина;
5. Шығармашылық;
6. Театр;
7. Әдебиет;
8. Discovery.
3. Марафондық тапсырмаларды ойдағыдай орындау мектеп бағдарламасының көлемінен тыс білімді қажет етпейді, бірақ кейбір тапсырмалар оқушының жалпы эрудициясына арналған. Тапсырмалар стандартты емес жағдайда стандартты білімді қолдану мүмкіндігін қарастырады. Мұндай тапсырмаларды орындау кезінде оқушы логикалық және абстрактілі ойлау қабілетін, яғни жіктеу, жалпылау және ұқсастықтар салу, нәтижені «соның ішінде» түйсік, қиял мен қиялды болжау қабілетін көрсете алады.
4. Марафон 2023 жылы 25 мамырда Өскемен қаласында өтеді. Марафонға қатысу үшін өтінімдер (№ 1 қосымша)білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс ағымдағы жылғы 2023 жылғы 19 мамырға дейін келесі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қ., Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: priemnaya@shygysdaryn.kz.
Өтінімге аудандардан/қалалардан, облыстық мамандандырылған мектептерден қатысушылардың тізімі қоса беріледі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы және ұялы телефонының нөмірі.
5. Қатысушылар командасының формасы:
кеуде жағы ақ түсті, төменгі жағы қара түсті.
6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
1. Марафонның барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.
2. Марафонның қорытындысы бойынша барлық станциялардың қосындысы бойынша ең көп ұпай жинаған командалар жеңімпаз атанады. Марафонның жеңімпаз командалары мақтау қағаздарымен және кубокпен марапатталады.
7. Қаржыландыру
1. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО жүзеге асырады.
2. Қатысушылардың жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің немесе демеушілердің есебінен өтеледі.