+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
3-4 сынып оқушылары арасындағы «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының қорытындысы
12 Мамыр, 19:21

2023 жылдың 12 мамырында  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып, 3-4 сынып оқушылары арасындағы «Алтын сақа» математикалық олимпиадасын өткізді.

«Алтын сақа» олимпиадасы «Зерделі» ақыл-ой мектебінің авторлық олимпиадасы. «Зерделі» ақыл - ой дамыту мектебі оқушылардың логикасын дамыту, олимпиада резервін қалыптастыру, математиканы жеңіл меңгерту бағытында еңбек етіп келе жатқан оқу орталығы.

Олимпиада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, жаратылыстану ғылымына  баулу мақсатында өткізілді.

Олимпиада барысында танымал математик, білім беру ісінің құрметті қызметкері «Зерделі» ақыл - ой дамыту мектебінің негізін қалаушы Ырысбек Мәуітұлының қатысуымен бастауыш сынып мұғалімдеріне және 9-10 сынып оқушыларына кездесу семинары ұйымдастырылды.  

Олимпиадаға 3-4 сыныптардың 150-ге жуық оқушысы аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

    Олимпиада қорытындысы бойынша 68 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (I орын - 11 оқушы, II орын - 22 оқушы, III орын - 35 оқушы, грамота - 16 оқушы).

Конкурс жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды, және барлық қатысушыларға «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің сертификаттары   табысталады.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!