+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңінің қорытындысы
11 Мамыр, 11:46

2023 жылы 05 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізді.

Жарыстың мақсаты: облысымызда балалардың техникалық шығармашылығын дамыту,тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін - өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.

Жарыстың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының аудандық (қалалық) кезеңдерінің және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің жеңімпаздары қатысты.

Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізілді:

1. Радиомен басқарылатын көлік модельдері;

2. Драгстер схемасы бойынша автотрассалық модельдеу;

3. Әуе модельдері;

4. Кеме модельдері;

5. Зымыран модельдері.

Жарыс қорытындысы бойынша 25 оқушы жүлдегер атанды: І орын – 15, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 5. Жеңімпаздар жарыстың республикалық кезеңіне қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!