+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық қашықтықтан оқыту семинарының қорытындысы туралы
29 Жел, 06:43

Білім беру сапасын көтеру, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2012 жылдың 3 - 18 желтоқсаны аралығында өңірлік ғылыми-практикалық  «Дарын» орталығы алғашқы рет 72 сағаттық «Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын өткізді.

Оқыту өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының білім беру сайты арқылы жүзеге асырылды.

Оқыту семинарына Семей, Риддер қалаларынан, Көкпекті, Зайсан, Катон-Қарағай, Шемонаиха, Аягөз, Зырян, Жарма, Бородулиха аудандарынан 83 білім беру мекемелерінің қызметкерлері (білім беру мекемелерінің жетекшілері; қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің әдіскерлері; жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері; мектепке дейінгі білім мекемелерінің, университеттердің оқытушылары) қатысты.

Семинар қатысушыларына дарынды оқушыларды айқындау және дамыту мәселелері бойынша лекциялар, сонымен қатар толық жауап қайтару үшін бақылау тапсырмалары ұсынылды. Оқыту соңында тестілеу ұйымдастырылды.

Семинар қорытындысы кестеде көрсетілген.

Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға осыған ұқсас ұйымдастыру жұмыстары бойынша шаралардың жалғастырылып тұруы туралы тілектерін білдіріп, алғыс айтты. Бірнеше пікірлерден:

- Г.Т.Сайлыбаева: «Маған курс өте ұнады, мен оған қатысқаныма өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға шығармашылық табыс тілеймін».

- А.К.Оразгалиева: «Ұйымдастырушыларға осындай семинар үшін үлкен рахмет! Жұмыс істеу және ұсынылған тапсырмаларға жауаптарды табу өте қызықты болды. Ұйымдастырушыларға осындай семинар үшін үлкен рахмет! Сіздерге келешекте дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде өте қажетті материалдар ұсынылды. Өте тамаша! Мен тағы да осыған ұқсас семинарларға қатысқым келеді».

- Н.М.Шоматова: «Курстар өте мазмұнды, маңызды және пайдалы. Ұйымдастырушылардың еңбектеріне рахмет».

- И.А.Борисова: «Курстан алғаным өте көп болды. Ұсынылған лекциялар дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша менің білімімді жүйелендіруге мүмкіндік туғызды. Ұғынған, алынған білімімді тәжірибеде қолданатыныма өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға қазіргі уақытқа қажетті өте маңызды тақырыпты алғандарына рахмет. Бәрінен де дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша қазақстандық ғалымдардың мақалаларын табу қиынырақ болды. Шығармашылық табыс және денсаулық тілеймін».

- С.В.Мусабекова: «Курс үшін өте рахмет. Өте қызықты және маңызды болды».

Барлық семинарға қатысушыларға Жаңа жыл мейрамынан кейін сертификаттар беріледі.