+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Халықаралық Менделеев олимпиадасына қатысу қорытындысы
06 Мамыр, 22:24

    Астанада химиядан 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды. Оған әлемнің 21 елінен келген оқушылар командасы қатысты. ҚР Ұлттық зияткерлік құрамасының құрамында олимпиадаға Өскемен қаласы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-инновация" лицейінің 11 сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат қатысты.

       Қазақстан құрама командасы тамаша нәтижелер көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 12 медаль жеңіп алды: 2 күміс және 10 қола медаль. Бекболат лайықты білім көрсетіп, қола медаль иегері атанды.

Бекболатты, оның ата-анасын және жаттықтырушы-педагогтарды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!