+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасын өткізу туралы
05 Мамыр, 16:03

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізілетіндігін хабарлайды.

Олимпиада ІІ кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең - аудандық/қалалық (2023 жылғы мамыр айының бірінші онкүндігі);

екінші кезең - облыстық (27 мамыр 2023 жыл).

Олимпиада қатысушылары жалпы білім беретін мектептердің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 3, 4 сынып оқушылары (оқу тіліне қарамастан). Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарындағы қазақ тілі, қазақ сыныптарындағы орыс тілі, ағылшын тілі, математика, дүниетану және жаратылыстану пәндерінен өткізіледі.

Команда бекітілген квота бойынша 14 оқушы және 1 жетекшіден құралады.

Олимпиадаға қатысу үшін білім беру ұйымы басшысының қолымен, мөрімен бекітілген аудандық/қалалық білім бөлімдерінен жіберілген өтінім ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін priemnaya@shygysdaryn.kz поштасына қабылданады.

Олимпиада ережесі www.shygysdaryn.kz сайтында жарияланған.

Қосымша ақпаратты 8(7232)700-244 нөмірінен алуға болады.