2023 жылдың 4 мамыр күні Өскемен қаласында Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі базасында «Еуропалық футбол апталығы» аясында юнифайт мини-футболдан облыстық турнирі өтті.
Шаңғы жарысы бойынша облыстық турнирді өткізудің мақсаты - арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау, зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру, қоғамның, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға назарын аудару және көзқарасын өзгерту болып табылады.
Жарысқа медициналық-әлеуметтік мекемелер (МӘМ) мен арнайы мектептердің командалары қатысты. Қатысушылардың жасы 15-21 жас.
Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша келесі командалар жеңіс тұғырынан көрінді:
І орын – Алтай ауданы, «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-нің командасы;
ІІ орын – Өскемен қаласы, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің №1 командасы;
ІІ орын – Риддер қаласы, «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;
ІІІ орын – Алтай қаласы «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;
ІІІ орын – Өскемен қаласы, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің №2 командасы;
ІІІ орын – Өскемен қаласы «Арнайы мектеп» КММ-нің командасы.
І, ІІ, ІІІ орын алған командалар дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.
Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!