+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Мамырбеков Бекболат Халықаралық Менделеев олимпиадасының қатысушысы!
30 Сәу, 19:06

 2023 жылдың 30 сәуірі мен 7 мамыры аралығында Астана қаласында оқушыларға арналған химиядан 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді. Халықаралық Менделеев олимпиадасы жыл сайын өткізіледі және химия пәнінен Бүкілодақтық олимпиаданың жалғасы болып табылады. Олимпиада эксперименттік және теориялық турлардан тұрады. Оған әлемнің 20-дан астам елінен командалар қатысады.

  Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат Қазақстан құрамасының сапында еліміздің намысын қорғайды.

   Бекболат – республикалық және халықаралық деңгейлердегі маңызды зияткерлік жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері.

  2023 жылғы Республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, 1 орын алғаны үшін оған Қазақстан-Британ техникалық университетінде және Абай облысының Шәкәрім университетінде оқуға 100% жеңілдік сертификаты берілді.

 

Бекболатқа Олимпиадада сәттілік пен жеңіс тілейміз!