+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
2012 жылғы республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің қорытындысы
29 Жел, 06:33

2012 жылдың 13-15 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының мұғалімдері Алматы қаласында «Алатау» шипажайында өткізілген республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестиваліне қатысты.

Конкурстың мақсаты: инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізген мұғалімдер мен педагогикалық ұжымдардың жетістіктерін насихаттау, олардың шығармашылықтарын көрсетулеріне жағдай жасау.

Республиканың барлық облыстарынан конкурcқа 188 білім қызметкерлері қатысты, олардың ішінде 23 мұғалім (16 жоба) Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғады.

Фестивальдің қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:

- С.Н. Коновалова – биология пәні мұғалімі, Чернышевский атындағы №1 ОМ, Семей қаласы;

- А.Е. Нуркасымова – бастауыш сынып мұғалімі, Қажыкелды ОМ Жарма ауданы

- Г.С. Тастекеева – ағылшын тілі мұғалімі, Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп, Семей қаласы;

- Г.Н. Нургазыева – ағылшын тілі мұғалімі, Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп, Семей қаласы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен марапатталғандар:

- Б.Т. Есжанова – физика пәні мұғалімі дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ОММЛ, Семей қаласы;

- И.В. Кайкенова - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ОММЛ, Семей қаласы;

- А.А. Че – информатика пәні мұғалімі, информатика, математика, физика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп, Өскемен қаласы;

- А.О. Турғанбаева – тарих пәні мұғалімі, № 37 гимназия, Семей қаласы;

- К.А. Оразалина – тарих пәні мұғалімі, № 37 гимназия, Семей қаласы;

- О.Н. Сускина – химия пәні мұғалімі, Чернышевский атындағы №1 ОМ, Семей қаласы;

- В.Е. Пешкова – биология пәні мұғалімі Чернышевский атындағы №1 ОМ, Семей қаласы;

- О.Д. Лобачёва – тарих пәні мұғалімі, №10 гимназия, Өскемен қаласы;

- А.С. Солтанаева – директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, №37 МГ, Семей қаласы;

- Ж.К. Жаспанова –директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, №37 МГ, Семей қаласы;

- Г.К. Ынтыкбекова – № 37 МГ менеджері, г. Семей қаласы;

Ұстаздар мен олардың ұжымын жоғарғы жетістіктерімен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, кәсіби ұзақ ғұмыр тілейміз, шығармашылық жоспарларыңыз іске ассын!