+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Көктем дауысы» облыстық вокалистер байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
28 Сәу, 20:36

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Көктем дауысы» облыстық вокалистер байқауының өткізді.

Байқаудың мақсаты: вокал шығармашылығында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, қосымша музыкалық білім беру мекемелерінде оқушыларды қамтуды арттыру.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1) «Халық әні» (соло, дуэт, трио, квартет);

2) «Эстрадалық вокал»(соло, дуэт, трио, вокал).

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдеге – 9 оқушы, І орынға - 24, ІІ орынға - 20, ІІІ орынға - 16 қатысушы ие болды.

Байқау жеңімпаздарына І, ІІ, ІІІ дәрежелі лауреаттардың дипломдары табысталды.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!