2023 жылдың 26 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысының 5-8 сынып мектеп оқушылары облыстық кезеңнің жеңімпаздары қашықтықтан республикалық экологиялық «ProEco» жобалар конкурсына қатысты.
Іс-шараның мақсаты – экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Республикалық жобалар конкурсының қорытындысы бойынша II дәрежелі дипломмен «Үздік экологиялық бастама» бағытында:
1) Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы - Звонов Артур;
2) Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы - Каллер Никита марапатталды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасы «Таза қала сізден басталады» бағытында Самар ауданы, №1 Самар орта мектебінің 8 сынып оқушысы Халина Дарьяға табысталды.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!