+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Төкен Омаров атындағы республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жарысының қорытындысы
28 Сәу, 16:55

2023 жылдың 23-30 сәуірі аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы Обсерваториясының базасында Төкен Омаров атындағы республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жарысы өткізілді.

Ғылыми жарыстың мақсаты - жаратылыстану білімдерін насихаттау, астрономия және онымен байланысты ғылымдарға жол табу, жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының астрономияға, ғарышқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Ғылыми жарыстың қатысушылары ғылыми жобаларды қорғап, теориялық және практикалық турларды шеше отырып, олимпиадаға қатысты.

Біздің облысымыздың атынан Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 4 оқушысы қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша:

Алтын медальмен және I дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушысы Ғалымқызы Дана «Ғарыштық аппараттар және ракета тасымалдаушылар» секциясында марапатталды.

Қола медальмен және III дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушысы Ғалым Ерсолтан «Электроника және энергетика» секциясында марапатталды.

Жарыстың  жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!