Дарынды шығысқазақстандық оқушылар 2023 жылдың 26-28 сәуірі аралығында Астана қаласында химия және биология пәндері бойынша 7-8 сыныптар арасында республикалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысты. Еліміздің барлық өңірлерінен жиналған оқушылар олимпиаданың теориялық және практикалық турында сынға түсті.
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша ШҚО мектеп оқушылар командасы «Ең үздік олимпиадалық команда - 2023» номинациясы бойынша үшінші жалпыкомандалық орынды жеңіп алды. Біздің облысымыздың қоржыны 4 - күміс, 2 - қола медальдармен толықты.
Күміс медальмен және II дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
1. Марат Нұрмұхаммед - Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы (химия);
2. Сейілханов Заңғар - Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы (биология);
3. Қабдыкәрім Әли - Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы (биология);
4. Мұқашев Дарын - Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8 сынып оқушысы (биология).
Қола медальмен және III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
1. Бекболатов Ерназар - Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8 сынып оқушысы (химия);
2. Қыдырмоллаұлы Нұрмұхаммед - Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы (химия).
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында Астана қаласының көрікті жерлеріне «Нұр әлемі» атты экскурсия өткізілді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 8 сынып оқушысы Нұрболат Азаматқа табысталды.
Олимпиаданың жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
