Бүгін облыстың ауылдық мектептерінің 6 сынып оқушылары арасында «Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік олимпиада» республикалық олимпиадасының ІІ кезеңі өтуде. Олимпиадаға І кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушылар қатысуда.
Қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілі (қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін), орыс тілі (орыс тілінде оқитын оқушылар үшін), ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін бағалауға бағытталған компьютерлік тестілеуден өтіп жатыр.
Тестілеу Өскемен қаласы мен Катонқарағай ауданында орналасқан «U-STUDY» орталықтарының базасында өткізілуде.
Барлық финалисттерге сәттілік тілейміз!





