+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумының қорытындысы
28 Сәу, 15:04

2023 жылдың 20-21 сәуірінде қашықтық форматта «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өтті.

Форумның мақсаты - білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Форумға форумның іріктеу (мектеп және аудандық/қалалық) кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері – облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының 6-11 сыныптарының 63 оқушысы қатысты.

Форум номинациялары:

- «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы»;

- «Zhasyl El» – зерттеу жобаларының байқауы келесі бағыттар бойынша: қалалық орта экологиясы, әлеуметтік экология, адам экологиясы; инновациялық «жасыл» жобаларды әзірлеу, енгізу, ынталандыру және насихаттау практикасы;

- «Экотеатр» интерактивті презентациясы»;

- «Eko-Bolashak» – жүргізілген экологиялық жұмыстар бойынша видеороликтер презентациясы; 

- «GREEN OASES» – ландшафтық экожобалар байқауы;

- «Туған өлкенің бояулары» – электрондық экологиялық ашық хат.

Қазылар алқасы мүшелерінің жұмыс нәтижелері бойынша: І дәрежелі дипломды – 10, ІІ дәрежелі дипломды – 10, ІІІ дәрежелі дипломды – 12 оқушы (№1 қосымша) жеңіп алды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Үздік жобалар 2023 жылдың маусым айында өтетін Форумның республикалық кезеңінде ұсынылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!