2023 жылғы 26 сәуірде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді күшейту, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі филиалының аумағында Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнирі өткізілді.
Жарысқа облыстық оқу орындары мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сынып әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары, бастапқы әскери және технологиялық дайындық курсынан өтіп жатқан колледждердің 1-2 курс студенттерінен 9 команда қатысты.
Көпсайыс келесі номинациялар бойынша өткізілді: жүзу, саптық байқау, ММГ АК-74 шашу және жинау, противогазды кию бойынша нормативті орындау, ЖҚК кию бойынша нормативті орындау, турникте тартылу, орыннан ұзындыққа секіру, АК магазинін патрондармен оқтау.
Жалпы командалық есепте жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:
1 орын – Өскемен қаласы, «Сағдат Нұрмағамбетов атындағы № 4 орта мектебі» КММ командасы.
2 орын – Алтай ауданы, «Алтай қаласының № 8 орта мектебі» КММ командасы;
3 орын – Глубокое ауданы, «А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» КММ командасы;
I, II және III орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.
Турнирдің жабылуы ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі, ШҚО бойынша (застава Тарландары) шекарашылар ардагерлерінің республикалық қоғамдық ұйымының өкілдерінің қатысуымен өтті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!