+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Отан Қорғаушылар күніне орай «Еуропалық футбол апталығы» аясында юнифайт мини-футболдан жарысын өткізу туралы
26 Сәу, 18:19

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 4 мамыр күні Өскемен қаласында Отан Қорғаушылар күніне орай «Еуропалық футбол апталығы» аясында юнифайт мини-футболдан жарыс өткізіледі.

Юнифайт мини-футболдан облыстық турнирді (бұдан әрі - Турнир) өткізудің мақсаты: арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау, спортпен айналысуға зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға кіріктіру, қоғамның, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға деген көзқарасын өзгерту және назар аудару болып табылады.

Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Турнирге медициналық-әлеуметтік мекемелер (MӘМ) мен арнайы мектептердің командалары өтінімдер негізінде қатыса алады.

Команда құрамы: 11 адам - 5 спортшы, 3 серіктес, 1 жаттықтырушы, 1 дәрігер, 1 команда өкілі. Ерлер, аралас командалар (ерлер есебінде жарысады) қатысуға рұқсат етіледі. Командаларды бөлу келесі жас топтарында жүргізіледі:
15-21 жас.

Өтінім қатаң түрде нысан бойынша (1-қосымша) рәсімделеді, оған медициналық-әлеуметтік мекеменің (MӘМ), арнайы мектептің директоры қол қояды. Өтінімдер 2023 жылғы 26 сәуірге дейін (сканерленген) мына электрондық мекенжайға жіберіледі: sporturizm@shygysdaryn.kz.

Өтінімдер (түпнұсқа) өткізу орнына келгеннен кейін мандаттық комиссияға беріледі.

Мандаттық комиссияға өтініммен бір мезгілде:

1) қатысушының туу туралы куәлігі;

2) оқу орнынан анықтама ұсынылады.

Жарысты өткізу туралы ереже https://www.shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.