+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Құттықтаймыз!
13 Жел, 12:43

 

Жасөспірімдер арасында IX Халықаралық жаратылыстану – ғылыми олимпиадасы (IJSO) 2012 жылдың 1 – 10 желтоқсан аралығында Тегеран (Иран Ислам Республикасы) қаласында 40 мемлекет оқушыларының арасында болып өтті.

Қазақстан Республикасының құрама командасында облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Қадырбеков Ақан барып қайтты.

Олимпиада қортындысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы 1 күміс және 3 қола медальдар жеңіп алды. Бір қола жүлдені біздің өңіріміздің атынан барған жерлесіміз иеленді. Қадырбеков Ақан үш турдың қортындысы бойынша 40 баллдың 38 баллын жинады.

Ақанды, оған білім берген және олимпиадаға дайындаған барлық ұстаздарды үлкен табыстарыменқұттықтаймыз! Сәттілік пен үлкен жетістіктер тілейміз!