+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен I аймақтық олимпиадасының қорытындысы
25 Сәу, 15:30

2023 жылдың 24-25 сәуірінде ШҚО ББ дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен I аймақтық олимпиадасын өткізді.

Олимпиада С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында оқушылардың химия және биологияны оқуға деген қызығушылығын арттыру, дарынды және талантты оқушыларды анықтау, оқушылардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын қолдау мақсатында өткізілді.

Олимпиаданың демеушісі – Асқар Жәкулин атындағы қайырымдылық қоры.

Олимпиадаға 9-11 сыныптардың 200-ге жуық оқушысы аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиада екі турдан тұрды: теориялық және практикалық. Оқушылар биология және химия пәндері бойынша теориялық білімдерін көрсетті.

Олимпиаданың екі турының қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен –18; ІІ дәрежелі дипломмен – 24; ІІІ дәрежелі дипломмен – 48 оқушы марапатталды.

Жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!