2023 жылғы 19-23 сәуір аралығында Павлодар қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында жеңіл атлетикалық кросс бойынша Ұлттық Мектеп лигасының Республикалық жарысы өтті.
Жарыстың мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Шығыс Қазақстан облысының атынан Ұлан ауданы, «Таврия орта мектебі» КММ оқушылар командасы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО командасы ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!