+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
10-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы
22 Сәу, 15:02

2023 жылдың 18-21 сәуірі аралығында 10-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері – оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің беделін арттыру.

Олимпиада Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, неміс тілі пәндері бойынша екі турда өтті (теориялық және практикалық).

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиада дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған IT-мектеп лицейінің базасында өткізілді. 

Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында онлайн режимінде Youtube арнасында бейнебақылау жүргізілді.  Олимпиада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті және «AMANAT» партиясының ҚБШҚОФ бақылаушыларының қатысуымен өткізілді.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша алтын медальмен және І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Саяшова Мархабат (қазақ тілі мен әдебиеті);

  • Риддер қаласы №1 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Агафонова Дарья (орыс тілі мен әдебиеті);

  Күміс медальмен және II дәрежелі дипломмен мараптталғандар:

  • Зайсан ауданы Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Ермекқызы Балнұр (қазақ тілі мен әдебиеті);

  • Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Серікбаева Динара (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);

  • Өскемен қаласындағы№12 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Асқаров Алижан (неміс тілі);

  •  Өскемен қаласындағы №12 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы - Юркина Анастасия (неміс тілі);

  • Өскемен қаласындағы №47 орта мектебінің  11 сынып оқушысы Бытымханов Али  (қазақстан тарихы).

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының  грамотасымен марапатталғандар:

  • Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Ахметолла Ислам (қазақстан тарихы);

  • Алтай ауданы Алтай қаласы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Тюлюбаева Дильназ (құқық негіздері);

  • Алтай ауданы, Алтай қаласының мектеп лицейінің 10 сынып оқушысы  Абакумова Александра (орыс тілі мен әдебиеті);

  • Өскемен қаласындағы№10 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Фатеев Лев (неміс тілі);

 

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары және ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз!