ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 12 мамыр күні «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетін (бұдан әрі – Слет) өткізуді жоспарлап отыр.
Слет күндізгі (офлайн) форматта өткізіледі.
Слеттің мақсаты - балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
Слеттің номинациялары:
I. Өлкетану блогы.
1) Екі бағытта «Жас өлкетанушы» номинациясы бойынша іздеу-зерттеу жұмыс жобаларының презентациясы: халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет; туризм-спорт, денсаулық, демалыс.
II.Туристік блок.
2) «Туристік кедергілер жолағы» номинациясы – үш кезеңнен тұратын туристік кедергілер жолағынан өту туралы байқау: аспалы өткел; параллель таяныштар; маятник.
3) «Жартасқа шығу» номинациясы - жартасқа шығу жарысы «жылдамдық» және «қиындық» түрі бойынша жартасқа шығу жарыстарын өткізу ережелеріне сәйкес өткізіледі.
III.Шығармашылық блок.
4) «Туристік әндер» байқауы. Негізгі музыкалық аспап – домбыра, гитара.
Слет үш кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік Слет;
Екінші кезең (іріктеу) – аудандық/қалалық Слет;
Үшінші кезең – облыстық Слет (12 мамыр 2023 жыл, Өскемен қ.).
Ең жоғары балл жинаған номинациялар бойынша жеңімпаздар 2023 жылғы 28-29 қыркүйекте «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слетіне қатысады.
Слетқа аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінен өткен жалпы орта білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.
Қатысушылардың жасы: 6-10 сынып (2023 жылғы қыркүйек айына 12-17 жас!).
Топтың құрамы әр аудан/қаладан 9 оқушы және 1 жетекші болуы қажет.
Білім бөлімдері басшыларының және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған қатысу туралы хатты және конкурстық жұмыстарды ұйымдастыру комитетіне 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін Өскемен қ., Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына sporturizm@shygysdaryn.kz электронды поштасына жолдау қажет. Тел. 8(7232)70-26-74
Хатқа келесі құжаттар қоса тіркеледі:
1) слеттің аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздарының облыстық слетке қатысуы туралы өтінім (№1 қосымша);
2) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын сканерленген құжаттар.
Әрбір өтініш беруші бір ғана өтініш бере алады. Бір қатысушының екі және одан да көп номинацияларда бірлескен авторлыққа жол берілмейді.