Бүгін 10-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ туры аяқталды.
Олимпиаданың ІІ туры Қазақстан тарихы, құқық негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндері бойынша жазбаша, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, неміс тілі, ағылшын тілінен ауызша жүргізілді.
Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында онлайн режимінде Youtube арнасында бейнебақылау жүргізілді.
Олимпиада қорытындысы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының daryn.kz сайтында жарияланады.
Барлық пәндер бойынша апелляция 2023 жылдың 21 сәуірінде облыстық мамандандырылған IT-мектеп лицейінің базасында онлайн режимінде өтеді.



