+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
19 Сәу, 14:57

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі қашықтықтан өткізілді.

Конкурстың мақсаты - мектеп оқушылары арасында оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу, табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, мектеп оқушыларының интеллектуалдық- шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

Конкурс төрт бағыт бойынша өткізілді:

1-бағыт - «Туған өлке табиғаты»;

2 бағыт - «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем»;

3 бағыт - «Үздік экологиялық бастама»;

4 бағыт - «Таза қала сізден басталады».

Конкурс қорытындысы бойынша 14 қатысушы жүлдегер атанды (I орын - 5, II орын - 5 , III орын - 4 оқушы).

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Конкурстың  жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!