+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І туры
18 Сәу, 18:09

Бүгін, 2023 жылдың 18 сәуірінде 10-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І туры өткізілді.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының 34 оқушысы - облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысуда.

Олимпиада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бақылаушыларының қатысуымен өткізілді.

Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында онлайн режимінде Youtube арнасында бейнебақылау жүргізілді. 

Олимпиада қорытындысы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының daryn.kz сайтында жарияланады.

Олимпиаданың ІІ туры а.ж. 20 сәуірінде өткізіледі.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!