+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Онлайн – тестілеуінің қорытындысы
13 Жел, 12:32

 

2012 жылдың 11 желтоқсанында Семей және Өскемен қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушылардың ғылыми жобалар конкурсының республикалық бірінші айналымы өткізілді (онлайн-тестілеу). 

Онлайн тестілеуге оқушылардың ғылыми жобалар конкурсына қатысқан облыстық кезеңнің жеңімпаздары, облысымыздың барлық (аудан) қалаларындағы, дарынды балалалрға арналған маманданлдырылған мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысты: барлығы -167.  

Келесі айналым республикалық кезеңіне (ғылыми жобалар сараптамасына) Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);  Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, құқық негіздері) бағыттары бойынша 60 ұпай және Ғылыми – техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар); Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық моделдеу (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика) бағыттары бойынша 50 ұпай жинаған оқушылар өтеді.

Командалық жобада оқушылардың қорытынды ұпайлары 120 құрау керек.

Келесі айналымға өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!