+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары арасында футболдан «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы
18 Сәу, 12:09

Оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мақсатында 2023 жылғы 10-14 сәуір аралығында Өскемен қ. «Алтай» стадионында ұлдар мен қыздар арасында футболдан «Былғары доп» Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа 7-8 сынып оқушылары - аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:

Ұлдар арасында:

1 орын – Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейінің командасы, Өскемен қаласы;

2 орын – №19 мектеп-қосымша білім беру орталығының командасы, Өскемен қаласы;

3 орын – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің командасы.

Қыздар арасында:

1 орын – Таврия орта мектебінің командасы, Ұлан ауданы;

2 орын – облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейінің командасы, Өскемен қаласы;

3 орын – Чапаев орта мектебінің командасы, Алтай ауданы.

I, II және III орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!