+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
14 Сәу, 12:46

2023 жылдың 13 сәуірінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларын анықтау және қолдау көрсету болды.

Олимпиадаға аудандық/қалалық кезеңдерден өткен қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиада эссе жазу және қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша екі айналымда өтті.

Екі айналымының қорытындысы бойынша 32 қатысушы жеңімпаз атанды, 6 оқушы І дәрежелі, 9 оқушы ІІ дәрежелі, 17 оқушы ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ұстаздары мен ата-аналарын құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!