Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Туған ел. Туған жер. Туған глобал» атты Қазақстан тарихы, өлкетану және археология бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушыларды тарихи сананы қалыптастыруға жәрдемдесу үшін Қазақстан тарихы, өлкетану білімі мен зерттеулеріне тарту.
Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін мекемелерінен 10-11 сыныптардан аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада 2 айналым бойынша өтті:
1 айналым – Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсырмаларын шешу;
2 айналым – «Ұлы Даланың тарихи келбеті» ғылыми жобалар байқауы.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 20 оқушы жүлделі орынға ие болды (І дәрежелі дипломдармен марапатталғандар – 4, ІІ дәрежелі – 7, ІІІ дәрежелі - 9).
Жүлдегерлер мен ұстаздарын, ата-аналарын жетістіктерімен құттықтаймыз!
Болашақта тағы да жеңістер тілейміз!
