Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 11 сәуірде «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңін өткізді.
Форумның мақсаты - Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
Форумға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты. Форумға қатысушылардың жас мөлшері 11-17 жас.
Форум 4 номинация бойынша өткізілді:
1) «Мен мамандықты таңдаймын....» – презентациялар байқауы;
2) «Болашақтың мамандығы...» – презентациялар байқауы;
3) «Менің кәсібім - менің бизнесім» – бизнес-жоспардың жобасын қорғау байқауы;
4) «Мамандық тұлғасы» – бейнесюжеттер байқауы.
Форумның қорытындысы бойынша 30 жеңімпаз анықталды: I орын – 9, II орын – 12, III орын – 9. Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары форумның республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!





