Әскер қатарында қызмет етуге жастардың қызығушылығын арттыруға ерекше мән беріледі. Бұл ретте ведомствоаралық өзара іс-қимыл маңызды фактор болып табылады және облыстың Қорғаныс департаментімен бірлесіп «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындарын өткізу осындай әріптестіктің жарқын мысалы болып табылады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда 261 әскери-патриоттық спорт клубтарында жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің 7408 оқушысы үлкен қызығушылықпен айналысады, 1853 жас сарбаздар әскери қызметтің негіздерін үйреніп жатыр.
Биылғы жылы дәстүрлі ойындар 2023 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі филиалының базасында Ауғанстандағы Өскемен соғыс ардагерлері ұйымы, Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ардагерлер кеңесі өкілдерінің белсенді қатысуымен өтті.
Ойындардың маңыздылығы жастар арасында әскер қатарында қызмет етуді насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау және өскелең ұрпақты спортпен шұғылдануға тарту болып табылады.
Жарыста облыстың жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің әскери-патриоттық спорт клубтарының 7 командасы күш сынасты.
І, ІІ, ІІІ дәрежелі құрметті дипломдар қатысушыларға №1 АҚ «Противогаз кию» нормативін орындау, атыс даярлығы, АК-74 бөлшектеп бұзу мен жинау және түрлі спорттық жаттығулар үшін табыс етілді.
Ойындардың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Алтай ауданы, «Алтай қаласының № 8 орта мектебі» КММ командасы;
2 орын – Тарбағатай ауданы, «М. Әуезов атындағы Ақжар орта мектебі» КММ командасы;
3 орын – Өскемен қаласы «№ 49 жалпы білім беретін мектебі» КММ командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!