2023 жылғы 4-6 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалар конкурсынаың қорытынды кезеңіне онлайн форматта қатысты.
Конкурста еліміздің барлық өңірлерінен 900-ден астам оқушы бақ сынады.
Қатысушылардың жоба қорғауы кезінде конкурстың ашықтығын және академиялық адалдықты сақтау мақсатында YouTube арнасында тікелей эфир жүргізілді.
Конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І-ші дәрежелі дипломымен және алтын медальмен - 1, ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальдармен - 5, ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальдармен - 6 оқушы марапатталды.
Республикалық зерттеу жобалар конкурсында ерекше жетістігі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасына 7 оқушы ие болды.
І дәрежелі дипломмен:
1) Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Демеухан Аңсаған (Химия);
ІІ дәрежелі дипломмен:
1) Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Аскар Алишер (Информатика);
2) Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Мақсатұлы Дамир (Информатика);
3) Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Ержанұлы Ерасыл (Өлкетану);
4) Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Сағидолла Дильназ (Өлкетану);
5) Катонқарағай ауданы Аршаты орта мектебінің 10 сынып оқушысы Бөленқанова Балғын (Этномәдениеттану);
ІІІ дәрежелі дипломмен:
1) Зайсан ауданы Мукарама атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Далабаева Камшатхан (Тіл білімі (қазақ тілі);
2) Зайсан ауданы Мукарама атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Шыңғыс Арайлым (Тіл білімі (қазақ тілі);
3) Глубокое ауданы Верх-Березовка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Рыспаева Дания (Құқық негіздері);
4) Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Тамызғазина Ұлжан (Тіл білімі (ағылшын тілі);
5) Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Котляров Денис (Жер және ғарыш туралы ғылым);
6) Өскемен қаласы №10 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Недобитков Юрий (Физика) марапатталды.
Республикалық зерттеу жобалар конкурсында ерекше жетістігі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:
1) Ұлан ауданы Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ерликов Ислам (Әдебиет (орыс);
2) Зайсан ауданы М. Дәуленов атындағы мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Серікқызы Сабина (Әдебиет (қазақ);
3) Шемонаиха ауданы Н. Островский атындағы №1 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Степанов Антон (Тарих);
4) Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Көрпеш Диас (Информатика);
5) Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Смайылұлы Досымжан (Информатика);
6) Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Салий Егор (Қолданбалы математика);
7) Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Буланова Карина (Қолданбалы математика)марапатталды.
Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!
Болашақта биіктерден көріне беріңдер!