Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында 2023 жылғы 6 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» концерт залында Өскемен қ. ШҚО мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» солистерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Іс-шараға 700 адам қатысты, оның ішінде: Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сынып оқушылары, жоғары оқу орындары мен кәсіптік колледждердің студенттері, әскери-техникалық мектептің оқушылары, ҚР ҚК ардагерлері, әскери қимылдарының ардагерлері, ШҚО қорғаныс істері департаментінің және ЖАО өкілдері.
Концерт барысында патриоттық әндер айтылып, әскерге шақырылушыларға естелік сыйлықтар табысталды.




