+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
ШҚО командасының мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан оқушыларының ХІ қысқы Гимназиясында жеңісі
11 Сәу, 10:28

2023 жылғы 1-6 сәуірде Павлодар қаласында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан оқушыларының ХІ қысқы Гимназиясы өтті. Жарысқа Астана қ., Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан 7 команда қатысты.

Шығыс Қазақстанның намысын Өскемен қаласының 10 оқушысы қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО спортшылары қыздар арасында жалпы командалық ІІ орынға және ұлдар арасында ІІІ орынға қол жеткізді.

Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз!