Білім алушылар арасында шахмат спортын дәріптеу, олардың қабілеттерін дамыту мақсатында 2023 жылғы 29 наурызда Өскемен қаласында Өскемен құрылыс колледжінің базасында 2-11 сынып оқушылары арасында шахматтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Жарысқа Өскемен қаласының, Глубокое, Зайсан аудандарының және ШҚО дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңіске жетті:
І орын – Зайсан ауданының командасы;
ІІ орын – «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ командасы;
ІІІ орын – Өскемен қаласының командасы.
Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!


