+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Тоғызқұмалақтан Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
11 Сәу, 09:50

2023 жылғы 29 наурызда Өскемен қаласында Өскемен құрылыс колледжі базасында 2-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Мақсаты - білім алушылар арасында зияткерлік ойындарды насихаттау, олардың спорт түрлері бойынша шеберліктерін арттыру, білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, Шығыс Қазақстан облысында зияткерлік ойындар бойынша үздік оқушыларды анықтау.

Жарысқа Өскемен қаласының, Зайсан және Ұлан аудандарының, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңіске жеткендер:

Қыздар арасында:

І орын – Өскемен қаласының командасы;

ІІ орын – «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ командасы;

ІІІ место – Ұлан ауданының командасы.

Ұлдар арасында:

І орын – Өскемен қаласының командасы;

ІІ орын – Зайсан ауданының командасы;

ІІІ место – Ұлан ауданының командасы.

 

Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыс пен жеңіс тілейміз!