+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» онлайн конкурсын өткізу туралы
10 Сәу, 17:34

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылғы 14 сәуірде жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушылары үшін «Дүниетану», 5-10 сынып оқушылары үшін «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» онлайн конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады, оқушыларды конкурсқа қатысуға олардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Конкурсқа қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды.Конкурс барлық қатысушылар үшін алдын-ала іріктеусіз өткізіледі. Конкурсқа қатысу ақысыз.

Конкурс бір уақытта онлайн режимде өткізіледі. Оn-lineтестілеу 2023 жылдың  14 сәуірі күні сағат 09:00-ден бастап 22:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) www.shygysdaryn.kz сайтында қолжетімді болады. 

Конкурс 4 нұсқасы бар 30 мәтіндік тест тапсырмаларынан тұрады. Конкурс тапсырмаларын орындау – 60 минут.

Конкурстың қорытындысы бойынша ата-аналарының (заңды өкілдері) қалауы бойынша ниет білдірген жағдайда жүлдегерлерге грамоталар, қатысушыларға сертификаттарды басып шығару үшін (құны 500 тг.) өтінім қабылданады. Төлемді АҚ «Қазақстан Халық Банкі» (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), АҚ «ЦентрКредит Банкі» (ШҚ ӨҒПО «Дарын») қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.

Грамоталар мен сертификаттарға өтінімдер төлемақы түбіртегінің көшірмесімен білім бөлімдері/мектептерден 05 мамырға дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекенжайында немесе vk_daryn@mail.ru электронды поштасында төмендегі үлгі бойынша қабылданады:

EXCEL форматындағы тізім үлгісі:

Орын

Қала/аудан

Мектебі

Сыныбы

Қатысушының тегі, аты