Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылғы 06 сәуірдегі 221/15-11-06 хатына сәйкес 5-8 сынып оқушылары арасында «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) облыстық кезеңі өткізілетіндігін хабарлайды.
Конкурс төрт бағыт бойынша қашықтықтан өтеді:
1 - бағыт - «Туған өлке табиғаты » - 1 жеке жоба;
2 - бағыт - «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем» - 1 жеке жоба;
3-,бағыт.-,«Үздік экологиялық бастама» - 1 командалық құрама (2 қатысушыдан аспайтын);
4 - бағыт - «Таза қала сізден басталады» - 1 жеке жоба.
Конкурсқа қатысу туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс пен оқушының жұмысы 2023 жылдың 13 сәуіріне дейін vk_daryn@mail.ru. электронды поштасына қабылданады.
Квота әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған білім мекемелерінен әр бағыттан бір жобадан.
Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қарастырылмайды.
Барлық сұрақтар бойынша 87232700-244 нөміріне хабарласуға болады.
Сұраныс үлгісі:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні, тегі |
Әлеуметті жағдайы |
Бағыты |
Аудан/қала |
Мектеп |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны |