+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Химия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиадасын өткізу ЕРЕЖЕСІ
10 Сәу, 16:43

1. Жалпы ереже

1. Осы Ереже химия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиаданың (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.

2. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми білімді насихаттау, ғылыми дүниетанымды дамыту, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау.

3. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері оқушылардың химия және биология пәндеріне деген қызығушылықтарын ынталандыру, шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-практикалық іс-әрекетке деген қызығушылықтарын анықтау және дамыту, ең талантты және дарынды оқушылады іріктеу, олимпиадалық резервті құру, дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдайлар жасау, ғылыми білімді насихаттау және дамыту болып табылады.

4. Олимпиада жалпы білім беретін бағдарламалары негізінде келесі пәндер бойынша өткізіледі: химия және биология.

2. Олимпиаданың жұмыс органдары

1. Олимпиаданы өткізу үшін шараны үйлестіруді, ұйымдастыру-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

2..Ұйымдастыру комитеті өзінің құзыреттілігінің шегінде:

  • Олимпиаданың өту мерзімін, тәртібін, өтетін орнын үйлестіреді;

  • қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;

  • тапсырмаларды бағалау критерийлері мен материалдарды әзірлейді;

  • жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін бекітеді;

  • Олимпиаданың қорытындысын талдайды және жалпылайды;

  • Олимпиаданың дайындалуын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-да жариялауды қамтамасыз етеді.

3. Олимпиада қатысушылары

1. Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары қатысады.

2. Әр аудан/қаладан командалардың сандық құрамы 6 адам: 9 сынып – 2 оқушы, 10 сынып – 2 оқушы, 11 сынып – 2 оқушы (1-қосымша).

3. Олимпиаданың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

4. Топ жетекшісі олимпиадаға қатысушылардың Олимпиада өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұратын жеріне дейінгі өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.

4. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

1. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:

1) бірінші – аудандық/қалалық (іріктеу) ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін;

2) аймақтық - 2023 жылдың үшінші он күндігінде.

2. Олимпиада 2 айналымда өтеді (теориялық, практикалық).

3. Тапсырмаларды орындауға 3 астрономиялық сағат (180 минут ) беріледі.

4. Менделеевтің периодтық кестесін, пайдалануға рұқсат етіледі. Есептеулерді орындау үшін бағдарламаланбайтын калькуляторды пайдалануға болады.

5. Олимпиада барысында жеке жазбаларды, кез келген әдебиетті, мобильді байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады.

6. Ережені бұзған жағдайда қатысушы Олимпиададан шеттетіледі.

7. Олимпиадаға тіркеу және қабылдау білім беру ұйымы басшысының қолы мен бекітілген аудандық/қалалық білім бөлімдерінен жіберілген өтінім бойынша (2 қосымша) жүзеге асырылады. Өтінім ағымдағы оқу жылының 14 сәуіріне дейін  e-mail: priemnaya@shygysdaryn.kz поштасына қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қарастырылмайды.

8. .Жіберілген өтінімдегі деректердің дұрыстығына білім бөлімдері жауапты.

9. Олимпиаданың мектепішілік, аудандық/қалалық кезеңдерін аудандық/қалалық білім бөлімдері мен облыстық мамандадырылған мектептер өткізеді. Олимпиада тапсырмаларын аудандық/қалалық Ұйымдастыру комитеті құрастырады және дайындайды.

10. Олимпиаданың облыстық кезеңінің тапсырмаларын ДпҚББДШҚҒӘО «Дарын» орталығы құрастырады және дайындайды.

11. Әр пән бойынша орындалған жұмыстарды тексеру және бағалау үшін облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары, ғылым кандидаттары, доценттері мен оқытушылары қазылар алқасының құрамына кіреді.

12. Оқушылардың жұмысын тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды хаттамалар Ұйымдастыру комитетінің интернет ресурсына салынады.

13. Оқушылардың тапсырманы орындау процесі бейнетрансляциямен сүймелденеді және көрссетілген бейнетаспа қорытынды кезең аяқталғанға дейін сақталады.

14. Олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңінің нәтижелері бойынша есеп (Қосымша №1), хаттама және өтінім ұсынылуы қажет. Олимпиаданың облыстық кезеңіне әр пән мен сынып бойынша ең жоғары балл жинаған 1 жеңімпаздан қатысады. Квота әр аудан/қаладан және облыстық мамандандырылған мектептерден 6 қатысушы.

15. Олимпиадаға қатысу туралы білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс (Қосымша №2) e-mail:priemnaya@shygysdaryn.kz поштасына жіберілуі қажет.

Қосымша ақпаратты 8(7232)70-02-44 нөмірі арқылы алуға болады.

5. Олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау

1. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

2. Олимпиададағы жеңімпаздар саны қатысушылардың жалпы санының 45 пайызын құрайды.

3. Олимпиада жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

4. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

6. Қаржыландыру

1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББЖШҚҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.

2. Конкурсқа қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жол жүру, тұру, тамақтану) жіберуші жақтың есебінен төленеді.