+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
9-11 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиаданы өткізу туралы
10 Сәу, 16:36

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың  Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 9-11 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) өткізілетіндігін хабарлайды.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау.

Олимпиада екі кезеңде өтеді:

Бірінші кезең - аудандық/қалалық іріктеу (2023 жылдың 12 сәуіріне дейін);

Екінші кезең - аймақтық (2023 жылдың 24-25 сәуірі күндері).

Облыстық кезеңге әр аудан/қаладан командалардың сандық құрамы 6 адам: 9 сынып - 2 оқушы, 10 сынып - 2 оқушы, 11 сынып - 2 оқушы).

Олимпиадаға қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2023 жылдың 14 сәуіріне дейін priemnaya@shygysdaryn.kz электронды поштасына қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қарастырылмайды.

Қосымша ақпаратты 87232-700-244 нөмірінен алуға болады.