+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Қазақстан тарихы, өлкетану және археология пәндері бойынша оқушыларға арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық олимпиадасын өткізу туралы
10 Сәу, 16:28

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Қазақстан тарихы, өлкетану және археология пәндері бойынша оқушыларға арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық олимпиадасының (бұдан әрі - Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, өткізу мен қаржылындыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

1.2. Олимпиада ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - «Дарын» орталығы)болып табылады.

1.3. Олимпиаданың мақсаты - оқушыларды тарихи сананы қалыптастыруға жәрдемдесу үшін Қазақстан тарихы, өлкетану білімі мен зерттеулеріне тарту.

1.4. Олимпиаданың негізгі міндеттері:

-  Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттау;

-  жастарды өзекті ғылыми тәжірибелерге баулу және қазақстандық тарих ғылымының жаңа жетістіктерімен таныстыру;

- оқушылардың болашақ кәсіби қызметінің негізі ретінде тарихи білім берудің мәні мен мүмкіндіктері  түсінігін қалыптастыру;

- шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-практикалық іс-әрекеттерге деген қызығушылығын анықтау және дамыту;

- бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, білімге құштарлық, эволюциялық даму және сананың ашықтығы қағидаттарында қалыптасқан азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу;

1.5. Олимпиаданы өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

1.6. Олимпиадаға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары қатыса алады.

1.7. Олимпиада оффлайн форматта өткізіледі.

1.8. Топ жетекшісі олимпиадаға қатысушылардың Олимпиада өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұратын жеріне дейінгі өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.

2. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті

Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Олимпиаданың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

-.Олимпиадаға қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;

- Олимпиаданың қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;

- Олимпиада шараларының түрлерін, өткізу түрлерін анықтайды;

- Олимпиаданың қорытындысын талдайды және жалпылайды;

-.Олимпиаданың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді. 

3. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Олимпиада төрт кезеңде өтеді:

Бірінші кезең мектепішілік іріктеу;

Екінші кезең - аудандық/қалалық іріктеу (2023 жылдың 7 сәуіріне дейін);

Үшінші кезең облыстық (сәуір 2023 жыл);

Төртінші кезең республикалық (26 сәуір-3 мамыр, 2023 жыл).

Олимпиадаға қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін «Дарын» орталығына келесі е-mail-ға жолданады: priеmnaya@shygysdaryn.kz. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қарастырылмайды.

Сұранысқа қоса тіркеледі:

1. аудандық/қалалық кезеңді өткізу туралы білім бөлімдерінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген қорытынды есеп (1-қосымша);

2. аудандардан/қалалардан өтінім жолданады қатысушылардың тізімі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы (2-қосымша);

Әр аудан/қала, мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 3 адам: (10 сынып - 1 қатысушы; 11 сынып - 2 қатысушы).

4. Олимпиаданы өткізу шарттары

Олимпиада екі айналымда өтеді:

1. 1 айналым - Қазақстан тарихы пәні бойынша тест.

Қазақстан тарихы пәні бойыншаОлимпиада тест түрінде өтеді. Тест тапсырмалары орыс және қазақ тілдерінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әзірленеді. Тапсырмалардың мазмұны тереңдетілген мектеп бағдарламасымен сәйкес келуі тиіс.

Регламент: 60 минут.

2) 2 айналым - «Ұлы Даланың тарихи келбеті»ғылыми жобалар байқауы ұсынылған тақырыптардың бірі бойынша команда қатысушыларының әрқайсысы жеке орындаған жобаларды қорғау форматында өтеді:

1. Ұлы даланың тарихи тұлғалары (ұлттық тарихтағы тұлғалардың тарихи рөлі: И. Панфилов (1893-1941 жж.), А. Иманов (1873-1919 жж.), Қ. Қайсенов (1918-2007 жж.), Сұлтан Бейбарыс (1218-1277 жж.), Бұқар жырау (1693-1787 жж.), С. Датұлы (1723-1725 жж.);

2. Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесінің даму тарихы (Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясының қабылданғанына 30 жыл, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар);

3. Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы (мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және дағдарысқа қарсы шараларының мәселелерін зерттеу);

4. Туған өлкенің тарихи-археологиялық ескерткіштері (туған өлкенің археологиялық ескерткіштерін зерттеу).

Берілген тақырыптардың ішінен бір тақырыпты таңдап, жеке электрондық презентация (Power Point) және электронды түрде жұмыс жасау керек. Презентация көлемі 10 слайдтан аспауы керек. Презентацияны қорғау уақыты      5 минут.

Презентацияны бағалау критерийлері:

- тақырып мазмұнының өзектілігі мен тереңдігі - 10 балл;

- презентация тақырыбының жаңалығы - 10 балл;

- құрылымды дұрыс қалыптастыра білу және таныстыру әдістерін таңдау -  10 балл;

- эстетикалық безендіру – 10 балл.

Жеке біріншілікте екінші тур үшін ең жоғары балл - 40 балл.

Оқушылардың тапсырманы орындау процесі бейнетрансляциямен сүймелденеді және көрссетілген бейнетаспа қорытынды кезең аяқталғанға дейін сақталады.

5. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздардың саны қатысушылардың жалпы санының 45 % құрайды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

6. Қаржыландыру

Олимпиадаға қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жол жүру, тұру) жіберуші жақтың есебінен төленеді. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘ орталығы  жүзеге асырады.