+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық жас суретшілердің шығармашылық «Бояулар құпиясы» байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ
10 Сәу, 16:12

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже облыстық «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Байқау) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды анықтайды.

1.2. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

1.3. Байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру.

1.4. Байқаудың міндеттері:

- жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығына тәрбиелеу;

- қосымша көркемдік білім беруді дамыту, білім алушы тұлғасын тәрбиелеуде, оқытуда және шығармашылық дамытуда балалар көркемсурет мектептерінің рөлін арттыру;

- қатысушылардың ой-өрісін, олардың көркемдік қабілеттерін, дағдыларын, қиялын және даралығын көрсету мүмкіндігін кеңейту.

2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

2.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

2.2. Ұйымдастыру комитеті:

- Байқаудың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Байқауға қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;

- Байқаудың қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

 - Байқаудың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;

- талдайды және қорытындылайды.

2.3. Қазылар алқасы Байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

3. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі

3.1. Байқаудың облыстық кезеңі 2023 жылғы 21 сәуірде өткізіледі.

3.2. Конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде:

1) Қатысуға өтінімді 2023 жылдың 12 сәуіріне дейін rhet-2018@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет (1-қосымша).

2) Конкурстық жұмыстарды 2023 жылдың 18 сәуіріне дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, 1-қабат, 101-кабинет мекен-жайына  жеткізу қажет.

3.3. Әр ауданнан/қаладан аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздарының 8 үздік конкурстық жұмыстары, әр номинация және әр жас санаты бойынша 1 жұмыс жіберіледі (барлығы: 8 қатысушылар).

3.4. Байқауға жеке жұмыстар қабылданады. Бір қатысушы бір номинацияға қатысады. Топтық жұмыс қабылданбайды.

3.5. Байқауға қалалық/аудандық білім бөлімдерінін басшының қолымен қойылған өтінімдер қабылданады.

3.6. Өтінімге қоса тіркеледі:

- қатысушылар туралы мәліметтер (қатысушының Т.А.Ж,  туған жылы, сыныбы, білім беру ұйымы (толық атауы), байқау жұмысының атауы, номинация, жас санаты, жоба жетекшісінің Т.А.Ж., жетекшісінің телефон нөмері).

3.7. Байқаудың қорытындысы 2023 жылдың 27 сәуірінде www.shyqysdaryn.kz сайтында орналастырылады.

4. Байқауға қатысушылар

4.1. Облыстық Байқауға аудандық/қалалық кезенің жеңімпаздары жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жас(18 жасқа дейін) аралығындағы білім алушылары келесі жас санаттары бойынша қатысады:

1) 10-13 жас,

2) 14-17 жас.

4.2. Байқаудың аймақтық кезеңдері санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтықтан жүргізіледі.

4.3. Байқаудың  ұйымдастырушылары байқау материалдарын авторын көрсете отырып, БАҚ-та жариялауға құқылы.

5Байқауды өткізу тәртібі және шарты

5.1. Байқау екі номинация бойынша өтеді.

1.  Номинация «Менің елім - менің жерім»:

- классикалық кескіндеме (портрет, пейзаж) - әр жас санатынан – 1 қатысушыдан;

- тақырыптық натюрморт (халықтық тұрмыстық заттардың немесе халық кәсіпшілігі мен қолөнер бұйымдарының бейнесі) - әр жас санатынан – 1 қатысушы;

2) Номинация «Палитра талантов».

- авангард және эксперименттік кескіндеме – кез-келген композициялық шешім - әр жас санатынан – 1 қатысушыдан;

- сюжеттік композиция («Жер бетіндегі үздік демалыс», «Менің әуестігім», «Мен және менің отбасым») - әр жас санатынан – 1 қатысушыдан.

5.2. Конкурстық жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын техникалық талаптар.

Мәтіндік түсініктемелердің болуы міндетті: жұмыстың аталуы, орындау техникасы, жұмыстың мазмұнын түсіндіру.

Жұмыстың ең аз көлемі: 30х40 см-ден, бірақ 55х65 см-ден аспайды.

Барлық жұмыстарға қол қойылуы керек (аты-жөні) және көлемі 12 см х 4,5 см жапсырма болуы керек. Жұмыстың төменгі оң жақ бұрышында автордың айқын оқылатын аты, тегі, жасы жазылуы тиіс.

Жұмыстар байқау номинацияларында кез-келген техникада (акварель, май, пастель, қарындаш, гелий қалам, түрлі-түсті қарындаш, аралас техника) кез-келген материалда (картон, қағаз, кенеп, т.б.) орындалады.

5.3. Бағалау критерийлері:

- өзіндік ерекшелігі;

- тақырыптың тереңдігі мен мағынасын беру;

- идеяны жүзеге асырудың креативті тәсілі;

- көркемдік шеберлік негіздерін меңгеру.

- күрделілік дәрежесі;

- ой ерекшелігі;

- көркемдік мәнерлілік (композициялық және түстік шешім);

- сындарлы шешімнің бірегейлігі.

6. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

6.1. Жеңімпаздар Гран-при, I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға электронды форматтағы сертификаттар беріледі, Байқау жеңімпаздары баспа форматында дипломдармен марапатталады.

Сертификаттардың электронды нұсқалары автоматты түрде жүктеп алу мүмкіндігімен shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.

Жеңімпаздар дипломдарды Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, 1-қабат, №101 кабинетінен ала алады.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91, 8 708 177 42 92.

7. Фестиваль-байқауды қаржыландыру

8.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жүзеге асырады.