Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылғы 21 сәуірде жас суретшілердің шығармашылық «Бояулар құпиясы» (бұдан әрі - Байқау) байқауының облыстық кезеңін өткізеді.
Байқауға жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының 10 - 17 жастағы (18 жасқа дейін) оқушылары қатыса алады.
Мақсаты: білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру болып табылады.
Көрме-байқауға өтінімдерді қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған rhet-2018@mail.ru электрондық мекенжайына 2023 жылдың 12 сәуіріне дейін жіберуді сұраймыз.
Қатысушылардың жұмыстарын 2023 жылдың 18 сәуіріне дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, 1 қабат, 101 кабинетке жеткізу қажет.