+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізу ережелері
10 Сәу, 15:57

1. Жалпы ережелер

1. Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізу ережелері (бұдан әрі – Жарыс) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, оны өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.

2. Жарыстың мақсаты: облысымыздағы балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдайжасау.

3. Жарыстың міндеттері:

- әр түрлі өңірлердің білім алушылары мен педагогтерінің тәжірибе алмасуына жағдай жасау;

- техникалық шығармашылық бойынша үздік жұмыс тәжірибесін насихаттау;

- балаларды инновациялық ғылыми-техникалық шығармашылыққа тарту;

- инновациялық технологиялар саласында жаңа құзыреттілікті қалыптастыру;

- техникалық шығармашылық және өнертапқыштық саласында оқитын дарынды, талантты білім алушыларды анықтау;

- топпен шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;

- іс-шаралар арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.

4. Жарыстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

5. Жарысты ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.

2. Жарысты өткізу мерзімі және тәртібі

6. Жарыс 2023 жылдың 05 мамырында офлайн форматта Өскемен қаласында өткізіледі.

7. Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған өтінімдер (қосымша) 2023 жылдың 28 сәуіріне дейін texno_otdel@mail.ru электрондық пошта арқылы қабылданады, тел. 8 (7232) 75-26-91.

8. Өтінімге қоса мыналар тіркеледі:

1) Жарысқа қатысу үшін білім бөлімдері басшыларының бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылар мен топ басшысының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

3. Жарысқа қатысушылар

9. Жарысқа аудандық, қалалық жарыс кезеңдерінің жеңімпаздары – облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

10. Әр ауданнан, қаладан 9 оқушы және бір жетекші қатысады. Жарысқа қатысушылардың жасы: 10-17 жас.

11. Жарыс өткізу орнына дейінгі келукезінде, іс-шараны өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезінде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі аудандық, қалалық білім бөлімдерімен анықталған топ жетекшілеріне жүктеледі.

Әрбір топқа қатысушы Жарысты өткізу орнына дейін келу кезінде, Жарысты өткізу барысында және тұрғылықты жерлеріне кері қайту кезінде өз заттарының қауіпсіздігіне жауапты.

12. Топ жетекшісінің өзімен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:

1) білім алушылардың және топ жетекшілерінің Жарысқа қатысу үшін білім бөлімдері басшысы бұйрығының көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәлімет (білім алушының Т.А. (толық), туған күні, айы, жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру мекемесінің мекенжайы, тұрғылықты мекен-жайы, телефоны, номинациясы, жұмыстың атауы, топ жетекшісінің Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);

3) қатысушылардың туу туралы куәлігі мен топ жетекшілерінің  жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі (куәлік (паспорт);

4) дәрігердің қолы және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтамасы.

4. Жарысты өткізу тәртібі және шарты

13. Жарыс үш кезеңде өткізіледі:

1) бірінші  - қалалық, аудандық;

2) екінші - облыстық;

3) үшінші (қорытынды) - республикалық.

14. Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізіледі:

Жарысқа қатысатын модельдерге қойылатын техникалық талаптар ережеге қоса тіркеледі (қосымша 2).

Радиомен басқарылатын көлік модельдері:

1. 1:10 масштабта көлік модельдерін мәнерлеп жүргізу; РЦБ класы;   

2.1:10 масштабта багги жарысы (4wd). Багги-10Э;

3. багги 1:8 ДВС, 1:10ДВС.

Тікелей жүретін автотрассалық модельдер (жартылай көшірме): 

1.1/32 масштабтағы модель;

2. 1/24 масштабтағы модель;

Әуе модельдері:

F-3-Р (пенолёт)моделі;

F-1-H планер моделі;

кордалы жарты копия, контурлы моделі;

кордалы F-2-В пилотаж.

Кеме модельдері:

1.F-4-В немесе F-4–С (бірмодель);

2. Ф-2 -А;

3.Eco Expert;

4. Mini Eco Expert;

5. ТЕАМ- Mini (ТИМ) жарысы.

Зымыран модельдері:

1) S6А – стример;

 

2) S9А – ротошют.

15. Модельдердің әр сыныбында командадан 1 қатысушыдан артық қатыспауы керек.  Жарыстың әрбір түрі өлшемдері, бояуы және формасымен арнайы құрылған алаңда өткізіледі. Жарыстарға қатысатын модельдерге қойылатын техникалық талаптар қоса беріледі.

16. Қатысушылар жарыстарда өздерімен бірге әкелінген материалдар мен жабдықтарды пайдаланады. Ұйымдастырушылар аталған жабдықты жарыстарда ұсынбайды. Қатысушылардың жабдықтары сынған немесе ақаулы болған жағдайда, ұйымдастыру комитет оларды жөндеуге немесе ауыстыруға жауапты болмайды. Қатысушыларға қосалқы бөлшектер жиынтығын алып жүруді  ұсынылады.

5. Жарыс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

17. Жарыс номинацияларын бағалау өлшемдеріне, хаттамалық шешімдердің нәтижелеріне және  АСФ, АМСФ, NAVIGA ережелеріне сәйкес кәсіби әділ қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.

18. Жарыстың қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға Жарысқа қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.

6. Жарысты қаржыландыру

19. Жарысқа қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары  жіберуші жақ есебінен төленеді.

20. Жарысты ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.