+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
2-11 сынып оқушылары үшін қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері бойынша облыстық интеллектуалдық «LEADER» конкурсын өткізу туралы
28 Нау, 12:54

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылғы 04 сәуірде жалпы білім беретін мектептердің 2-11 сынып оқушылары үшін қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері бойынша облыстық интеллектуалдық «LEADER» конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.

Қазақ тілі – қазақ тілінде оқитын мектеп оқушылары үшін;

Орыс тілі - орыс тілінде оқитын мектеп оқушылары үшін;

Ағылшын тілі барлығы үшін.

 Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады, оқушылардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Конкурсқа қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды.Конкурс барлық қатысушылар үшін алдын-ала іріктеусіз өткізіледі. Конкурсқа қатысу ақысыз.

 Конкурс бір уақытта онлайн режимінде өткізіледі. Оn-line тестілеу 2023 жылдың 04 сәуірі күні сағат 09:00-ден бастап 22:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) www.shygysdaryn.kz сайтында қолжетімді болады. (Сілтеме басты беттің жоғарғы жағында орналасады).

 Конкурс 4 нұсқасы бар 30 мәтіндік тест тапсырмаларынан тұрады. Конкурс тапсырмаларын орындау – 60 минут.

Конкурстың қорытындысы бойынша ата-аналарының (заңды өкілдері) қалауы бойынша ниет білдірген жағдайда жүлдегерлерге грамоталар, қатысушыларға сертификаттарды басып шығару үшін (құны 500 тг.) өтінім қабылданады.Төлемді АҚ «Қазақстан Халық Банкі» (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), АҚ «ЦентрКредит Банкі» (ШҚ ӨҒПО «Дарын») қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.

Грамоталар мен сертификаттарға өтінімдер төлемақы түбіртегінің көшірмесімен білім бөлімдері/мектептерден 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекенжайында немесе priemnaya@shygysdaryn.kz электронды поштасында қабылданады.

EXCEL форматындағы тізім үлгісі:

Пәні

Орны

Қала/аудан

Мектебі

Сыныбы

Қатысушының тегі, аты