2010 жылы 19 - 21 қазанда Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігінің қолдауымен Қазақстан гуманитарлық-саяси коньюнктура орталық пен Шығыс Қазақстан облысының білім басқарамасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 3 жетекші мектептердің (Өскемен қаласының ДБА Жамбыл ат.ОАМГИ, ҚТЛ, ШҚ ОММЛИ) оқушылары арасында «Сен, тұратын мемлекет» атты және 3 жетекші (Өскемен қаласының ағайынды Абдуллин ат. ШҚӨК, №1 кәсіптік лицей, гуманитарлық колледж) арнаулы орта білім беру мекемелерінің студенттері арасында «Елбасы Қазақстан халқына жолдауының ізімен» атты шығармалар конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты: «Жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – жаңа Қазақстанның мүмкіндіктері» атты Елбасының жолдауын түсіндіру.
Конкурстың әділ-қазылар құрамында: ҚОГСК вице президентті - Т.К. Мамыраимов, ҚОГСК бас эксперт – А.Тойбаев, ҚОГСК эксперт – А.Допаев.
Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орынды төмендегі оқушылар алды: Жалпы білім беретін мектептер арасында:
I орын - Өскемен қаласы ДБА Жамбыл ат. ОАМГИ оқушысы Ауесханова Жанаргүл;
II орын - Өскемен қаласы ДБА Жамбыл ат. ОАМГИ оқушысы Жанарбекқызы Еркежан;
III орын - Өскемен қаласы ДБА Жамбыл ат. ОАМГИ оқушысы Аманжолқызы Назкен.
Арнаулы орта білім беретін мекемелер арасында:
I орын - Өскемен қаласы Гуманитарлық колледждің 3 курс студенті - Тоқтарханова Дана;
II орын – Өскемен қаласы Гуманитарлық колледждің 3 курс студенті -Сулейменова Раушан;
III орын - Өскемен қаласы ағайындылар Абдуллин ат. ШҚӨК 2 курс студенті - Кисматуллина Инга.
Конкурстың жеңімпаздары грамота және сыйлықтармен марапатталды.