2012 жылдың 13 қарашасында «Дарын» орталығы облыстық инновациялық - педагогикалық идеялар фестивалін өткізді, оның қорытындысы бойынша 18 жоба (25 мұғалім) жүлдегер болды. Олардың жұмыстары фестивальдің республикалық кезеңінің іріктеу турына жіберілді. Оның қорытындысы бойынша 18 жобаның барлығы конкурсқа қатысуға ұсынылды (тізім қоса беріледі).
Республикалық кезеңге қатысушылардың назарына.
Фестиваль 2012 жылдың 13-15 желтоқсанында Алматы қаласында «Алатау» шипажайында өтеді.
Келу күні - 13 желтоқсан. Қайту күні - 15 желтоқсан, сағат 15.00-ден кейін.
Шипажайда тұру ақысы тәулігіне - 10 000 теңге.
Жобаны қорғау уақыты - 7 минутқа дейін.
Білім мекемелерінен ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 7 желтоқсанда сағат 10.00-ге дейін қатысу туралы растау қағазын 8/7232/552112 факсіне жіберулеріңізді сұраймыз.
Сіздерге табыс тілейміз!