+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО дарынды оқушыларының республикалық олимпиададағы лайықты жеңісі
25 Нау, 14:51

2023 жылғы 20 - 25 наурыз аралығында Шымкент қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері – оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің беделін арттыру.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне облысымыздың 34 оқушысы - облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен ҚР олимпиадалық резервінің мүшелері қатысты.

Олимпиада математика, физика, биология, информатика, химия, география пәндері бойынша екі турда өтті (теориялық және практикалық).

Олимпиадаға қатысушылар үшін Шымкент қаласында спорттықойын-сауық іс-шаралары, психологиялық тренингтер, сондай-ақ қаланың көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша ШҚО мектеп оқушылары командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша екінші жалпыкомандалық орынды жеңіп алды. Біздің облысымыздың қоржыны 17 медальмен: 4 - алтын, 4 - күміс, 9 - қола медальдар және 3 грамотамен толықты.

 

Алтын медальмен және І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  1. Мамырбеков Бекболат - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан  облыстық  дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 11 сынып оқушысы (химия);

  2. Ахметов Әлішер - Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің  10 сынып оқушысы (информатика);

  3. Уалиханов Ерасыл - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 9 сынып оқушысы (биология);

  4. Алтынғазы Алмас - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 9 сынып оқушысы (биология).

Күміс медальмен және II дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  1. Маратұлы Әлинұр - Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық  дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің  9 сынып оқушысы (математика);

  2. Касиман Алемхан - Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 9 сынып оқушысы (информатика);

  3. Асыланұлы Диас - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 9 сынып оқушысы (география);

  4. Төреханұлы Нұртөре - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы (биология).

Қола медальмен және III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  1. Жеңісбек Ыңтымақ - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 11 сынып оқушысы (химия);

  2. Қасымұлы Теміржан - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан  облыстық  дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы (химия);

  3. Амантайұлы Ақылжан - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан  облыстық  дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы (химия);

  4. Хамитов Амир Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан облыстық  дарынды  балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 9 сынып оқушысы (химия);

  5. Болатхан Ислам - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан  облыстық дарынды  балаларға  арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 9 сынып оқушысы (химия);

  6. Байғұнақов Мәди - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан  облыстық  дарынды  балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің  10 сынып оқушысы (физика);

  7. Харченко Софья - Өскемен қаласы  №11 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы (география);

  8. Тұрсынхан Шынғыс - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы (биология);

  9. Қадыров Әдлет - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы (биология).

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталғандар:

  1. Советханов Мақсат - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан облыстық  дарынды  балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің  9 сынып оқушысы (физика);

  2. Ғазиз Мәди - Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің  8 сынып оқушысы (информатика);

  3. Нұрәділұлы Нұржан - Өскемен қаласы  Шығыс Қазақстан облыстық  дарынды  балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 9 сынып оқушысы (физика).

      Шәкәрім атындағы университетінің білім гранты Жеңісбек Ынтымақ пен Мамырбеков Бекболатқа табысталды.

 

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз! Келешекте табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз!!!